Вопросы по онлайн переводам

Аударымды жіберу және алу

  • Аударымды қалай онлайн жіберуге болады?

    • Келесі нысандардағы барлық өрістерді толтырыңыз: аударым бағытын, валютасын және алатын сомасын, сондай-ақ банк картаңыздың шығарылған елін. Қазіргі сәтте ресейлік және қазақстандық банктердің карталарынан жіберуге болады. Жүйе аударымның құнын есептейді де, аударымды жіберу және берілуі үшін қолжетімді валюталардағы нұсқаларды ұсынады. Барлық деректерді енгізгеннен кейін, «Алға» батырмасын басыңыз
      ​ Төлем жасау үшін Қазақстан банкі тарапынан шығарылған банк картасын қолдансаңыз, онда сіздің картаңыздан шығарылатын ақша қаражаты теңгемен есептеледі. Егер аударымның ақысын валюталық шотқа бекітілген картадан төлесеңіз, картаның эмитент-банкінің бағамы бойынша айырбастаумен байланысты қосымша шығындар болуы ықтимал.
    • Аударымды алушы деректерін толтырыңыз: Алушының тегі, аты, әкесінің аты, телефон нөмірі және туған күні. «Одан әрі» батырмасын басыңыз.
      Енгізілген деректердің дұрыстығын міндетті түрде тексеріңіз. Егер деректерді қате көрсетсеңіз, онда банкте алушыға аударымды бермеуі мүмкін. Аударымның нөмірі және мәртебесімен СМС алу үшін телефон нөмірлерін дұрыс көрсетіңіз.
    • Аударымды жіберуші деректерін (сіздің деректеріңіз) толтырыңыз. Өз телефон нөміріңізді, ЖСН, азаматтығыңызды көрсетіңіз және «Одан әрі» батырмасын басыңыз.
      Назар аударыңыз: кейбір елдердің заңнамасында жіберуші туралы кеңейтілген ақпарат ұсыну талап етіледі.
    • Жіберушінің телефон нөмірін растаңыз. Бір рет енгізілетін код көрсеткен нөміріңізге смс арқылы келеді.
    • Барлық енгізілген деректерді тексеріңіз және қажет болса түзетіңіз.
      Егер деректер дұрыс болса, «Одан әрі» батырмасын басыңыз.
    • Карта деректерін толтырыңыз: картаның нөмірі, картаның әрекет ету мерзімі, үш санды CVC2/CVV2 коды (картаның кері жағында орналасқан). «Төлеу» батырмасын басыңыз.
    • Егер Сіздің картаңызды шығарған банк Mastercard SecureCode, Verified By Visa немесе Mir Accept технологиясын қолдаса және карта деректері дұрыс көрсетілсе, онда картамен байланыстағы телефон нөміріңізге құпия код (бір рет енгізілетін құпия сөз) келеді. Оны «Құпия сөз» өрісіне енгізіңіз және «Жіберу» батырмасын басыңыз.

    Құттықтаймыз, Сіздің аударымыңыз сәтті жіберілді!​

  • Аударым үшін комиссияның мөлшері қандай?

    ​Аударымды жіберу бойынша комиссияның мөлшерін білу үшін https://koronapay.com/online парағынан елді, валютаны және алынатын соманы таңдаңыз.
    Теңгеден басқа алынатын валютаны таңдаған​ жағдайда комиссия өндіріп алынбайды, яғни мұндай аударымды жіберу Сіз үшін тегін болады.
    Толық тарифтермен Сіз «Платежный Центр» ЕБЕНҰ (ЖШҚ) сайтында таныса аласыз.

  • Аударымды қандай валютада жіберуге болады?

    Аударымды Сіз теңгемен ғана жібере аласыз.
    Нақты елде алуға қолжетімді валюталарды білу үшін https://koronapay.com/online парағынан аударымның бағытын таңдаңыз және валюта өрісіне басыңыз. Сіз осы бағыт үшін барлық қолжетімді валюталарды көре аласыз.​

  • Аударымды басқа валютаға ауыстырғанда бағам қандай болады?

    Қажетті валютаға ауыстыру бағамын білу үшін https://koronapay.com/online ​парағынан елді, валютаны және алынатын соманы таңдаңыз.

  • Аударымды қай жерден ала аламын?

    ​Аударымды «Золотая Корона» аударымдарын беру бөлімшелерінен алуға болады. Сайтта таңдалған аударымды алу бөлімшесіне бармас бұрын сол бөлімшенің жұмыс уақытын банктің немесе сауда желісінің көрсетілген телефон нөмірі арқылы алдын ала біліп алуға кеңес береміз. «Золотая Корона» аударымдарын алу бөлімшелерінің мекен-жайлары бойынша ақпаратты сайттан​ білуге болады.​

  • Егер жіберуші жалған деректерді көрсетсе, аударымды алу мүмкін бе?

    Ақша аударымын беру кезінде банк аударымды жіберуші туралы ақпаратты растауды сұратуы мүмкін, сондай-ақ егер деректер қате енгізілген болса, банк аударымды беруден бас тартуы мүмкін.

  • Аударымды Сіздің сайтыңыз арқылы жібергім келеді, ал қажет ел тізімде жоқ.

    Елдің тізімде болмауы қазіргі таңда ол елге «Золотая Корона» ақша аударымдары орындалмайтынын білдіреді.

  • Аударымды алушы аударымды алғаны үшін ақы төлеуі тиіс пе?

    Алушы үшін «Золотая Корона» аударымдары әрдайым тегін, қызметтің құнын жіберуші төлейді.

  • Аударымдарды қандай картадан жіберуге болады?

    ​Аударымды келесі карталармен төлей аласыз:
    • РФ кез-келген банкімен шығарылған Visa, MasterCard, Maestro, Мир. Карталар сәйкесінше Verified By Visa, Mastercard SecureCode, Mir Accept технологияларын қолдауы тиіс;
    • Қазақстан Республикасының кез-келген банкімен шығарылған Visa, MasterCard, Maestro. Карталар MasterCard MoneySend, VisaDirect технологияларын қолдауы тиіс.​

  • Аударымды жіберуге шектеу бар ма?

    Жүйеде ақшалай аударымдарды жіберуге келесідей шектеулер бар:

    • Бір аударымның минимал сомасы 5 000 теңге немесе басқа валютадағы баламасы;
    • Бір аударымның максимал сомасы 2 500 АҚШ доллары немесе басқа валютадағы баламасы;
    • 1 күнтізбелік күндегі екі аударымның максимал сомасы 5 000 АҚШ доллары немесе басқа валютадағы баламасы;
    • 7 күнтізбелік күндегі үш аударымның максимал сомасы 7 500 АҚШ доллары немесе басқа валютадағы баламасы;
    • ​30 күнтізбелік күндегі 10 аударымның максимал сомасы 15 000 АҚШ доллары немесе басқа валютадағы баламасы.

  • Бағамды жіберілетін сомаға көбейткен кезде нәтижесі “Төленетін сомамен үйлеспейді”?

    Төленетін соманы есептеу үшін пайдаланылатын бағам үтірден кейін 8 белгіден тұрады, ал сайтта ыңғайлылық үшін бағам 2 белгіге дейін ғана көрсетілген. Дөңгелету салдарынан қорытынды сомалар өзгеше болуы мүмкін.

  • Аударымның мәртебесін қалай білуге болады?

    ​Аударымның мәртебесін Сіз сайттан​ қарай аласыз.​

  • Алушы деректерін ақша аударымын жібергеннен кейін қалай өзгертуге болады?

    ​Аударым алушыға берілген сәтке дейін Сіз алушының деректерін өзгерте аласыз. Ол үшін:

    • https://koronapay.com/online парағына кіріңіз және жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Кіру» сілтемесін басыңыз;
    • Ұялы телефон нөмірін енгізіңіз және «Құпия сөзді алу» батырмасын басыңыз;
    • Көрсетілген нөмірге келген смс-хабарламадағы құпия сөзді енгізіңіз және «Кіру» батырмасын басыңыз;
    • Аударымдар тарихынан өзгертулерді енгізгіңіз келген аударымды таңдап, «Өзгерту» батырмасын басыңыз;
    • Алушы деректерін дұрыс деректерге өзгертіңіз және «Одан әрі» батырмасын басыңыз;
    • Аударым төленілген картаның толық нөмірін енгізіңіз; Бұл жіберуші мен аударымды өзгерткісі келген адам бір тұлға екенін қосымша тексеруге мүмкіндік береді. Аударым туралы ақпаратты өзгерту үшін ешқандай қосымша қаражат төленбейді;

    Көрсетілген телефон нөміріне келген смс-хабарламадағы растау кодын енгізіңіз және «Өзгерту» батырмасын басыңыз.

  • Аударымды қалай қайтаруға болады?

    ​Аударым алушыға берілген сәтке дейін Сіздің аударым жасаудан бас тартуға және ақшаны (комиссиядан басқасын) қайтаруға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін:

    • https://koronapay.com/online​ парағына кіріңіз және жоғарғы оң жақ бұрыштағы «Кіру» сілтемесін басыңыз;
    • Ұялы телефон нөмірін енгізіңіз және «Құпия сөзді алу» батырмасын басыңыз;
    • Көрсетілген нөмірге келген смс-хабарламадағы құпия сөзді енгізіңіз және «Кіру» батырмасын басыңыз;
    • Аударымдар тарихынан өзгертулерді енгізгіңіз келген аударымды таңдап «Қайтару» батырмасын басыңыз;

    Көрсетілген телефон нөміріне келген смс-хабарламадағы растау кодын енгізіңіз және «Аударымды қайтару» батырмасын басыңыз.

Тіркелу және жеке кабинет

  • Жеке кабинет не үшін қажет?

    ​​Авторландырылған пайдаланушылар үшін қосымша мүмкіндіктер қолжетімді:

    • Ақша аударымдарының тарихын және олардың ағымдағы мәртебелерін қарап шығу;
    • Ертеректе жіберілген, бірақ әлі берілмеген аударымды қайтару;
    • Ертеректе жіберілген аударымды жаңа аударымды жіберу үшін үлгі ретінде пайдалану;
    • Ертеректе жіберілген, бірақ әлі берілмеген аударым бойынша алушы деректерін өзгерту;
    • Банктік картаны байланыстыру.

  • Жеке кабинетке қалай кіруге болады?

    • https://koronapay.com/online парағына кіріңіз және «Кіру» сілтемесін басыңыз;
    • Ұялы телефон нөмірін енгізіңіз;
    • Көрсетілген нөмірге келген смс-хабарламадағы құпия сөзді енгізіңіз және «Кіру» батырмасын басыңыз.

Келісімдер мен қызмет ережелері