Ресейден Қазақстанға ақша аударымдарын жіберу
Korona қолданбасында аударымдарды онлайн жіберіңіз
Аударымды қалай жіберуге болады
Korona мобильді қолданбасын жүктеңіз
Korona мобильді қолданбасын жүктеңіз
- 1Елді таңдаңыз және соманы көрсетіңіз
«Аударымды жіберуді» басыңыз, алушы орналасқан елді, аударым сомасын және валютасын таңдаңыз
- 2Алушы мен жіберушінің деректерін толтырыңыз
Жіберуші мен алушының телефон нөмірін, төлқұжаттағыдай тегін, аты мен әкесінің атын және басқа да қажетті деректерді енгізіңіз
- 3Деректерді тексеріңіз
Тексергеннен кейін аударымды картамен төлеңіз¹

Аударымды қалай алуға болады
Банктік карталарға
Егер аударымды картаға² жіберуге болатын болса, қолданбада аударым туралы ақпарат бас экранда көрінетін болады.
Беру пункттерінде қолма-қол ақшамен
Алушы ақшаны беру пункттерінің бірінен алу немесе аударымды картаға қабылдау бойынша өзі шешім қабылдайды. Пункттердің мекенжайын картадан қарауға болады
Korona қолданбасымен мыналарды орындай аласыз:
Ақша аударымдарын жіберу

Жақын жердегі қызмет көрсету пункттерін табу

Аударымды бірден картаға қабылдау

Қолдау қызметіне сұрақ қою

Сервис туралы
20 000 қызмет көрсету пункттері
Сервис қатысушылары мен серіктестері — әлемнің 50 еліндегі банктер, пошта операторлары мен ірі сауда желілері
Онлайн аударымдар
Ақшаны интернет арқылы Еуропа елдеріне, Ресейге, Түркияға, Грузияға, ТМД елдеріне аударыңыз. Сізге ыңғайлы аударым валютасын таңдаңыз
Тарифтер 0%³
Егер төлем валютасы жіберу валютасынан ерекшеленетін болса, аударым үшін комиссия жоқ⁴ Мысалы, сіз рубльмен төлейсіз, ал аударымды доллармен жібересіз
Ыңғайлы қолданба
25 миллионнан астам пайдаланушылар Korona қолданбасын жоғары бағалады
Жиі сұрақтар
Korona — «Золотая Корона» ақша аударымдарға арналған мобильді қолданба. «Золотая Корона» — Ресей және ТМД елдерінің қаржы нарығында 25 жылдан астам уақыт ішінде жұмыс істейтін төлем сервистерінің жүйесі. Ақша аударымдары қызметтері KoronaPay мобильді қолданбасында онлайн және қызмет көрсету пункттерінде қолжетімді — «Золотая Корона» жүздеген банктермен, пошта бөлімшелерімен, ірі дүкен желілерімен қызмет етеді. Аударымды беру және жіберудің ыңғайлы пунктін және кредитті өтеу үшін кеңсені картада таңдауға болады. 25 жылдан астам біз миллиондаған клиенттеріміз үшін қаржылық қызметтерді қолжетімді әрі ыңғайлы етіп келеміз.
Ақша аударымын жіберу үшін Korona (6+) мобильді қолданбасын жүктеп алыңыз.
- «Аударымды жіберуді» басыңыз, алушы орналасқан елді, аударым сомасын және валютасын таңдаңыз. Біз аударым бағасын есептейміз және комиссияны, валюта айырбастау бағамын көрсетеміз, сондай-ақ алушыны аударым статусы туралы ақпараттандыру бойынша қызметті ұсынамыз.
- Алушы мен жіберуші деректерін толтырыңыз. Алушының телефон нөмірін, төлқұжаттағы тегін, есімін және әкесінің атын енгізіңіз.
- Деректерді тексеріңіз және қажет болса, түзетіңіз. Деректерін енгізген кезде қателессеңіз, алушыға аударымды бермейді.
- Картаның деректерін толтырыңыз: нөмірі, әрекет ету мерзімі, картаның кері жағындағы CVC2/CVV2 үш белгілі цифрлық коды. Карта 3-D Secure — операцияны SMS бойынша растау технологиясын қолдауы керек.
- «Төлеуді» басыңыз және аударымды төлеуді растаңыз.
Алушы сайтта немесе Korona (6+) қолданбасында аударым статусын қадағалап, ақшаны алып кете алуы үшін оған аударымның бірегей нөмірін міндетті түрде жіберіңіз.
Аударымды онлайн түрде жіберген кезде ақша әдетте бірден немесе келесі жұмыс күні түседі. Демалыс немесе мереке күні төлем жасаған кезде аударым 2 жұмыс күніне дейін жетуі мүмкін.
Аударымды жіберу сәтіндегі конвертацияның нақты бағамын Korona қолданбасында білуге болады. Ол үшін алушының елін, аударым суммасы мен валютасын таңдаңыз — және сіз конвертациялау бағамы мен рубльмен төленетін соманы көресіз.
Аударымды «Золотая Корона» беру пункттерінде қолма-қол ақшамен ала аласыз.
Аударымды алу үшін сізге оның нөмірі қажет болады. Аударым нөмірі бойынша аударымның беруге дайындығын тексеруге болады. Мұны Korona қолданбасында немесе сайтта жасауға болады.
- Беру пунктін таңдаңыз. Сайтта немесе қолданбада картаны қолданыңыз.
- Пункт қызметкеріне сізге «Золотая Корона» аударымының түскенін хабарлаңыз. Жеке басты куәландыратын құжатты, мысалы, төлқұжатты¹ ұсыныңыз.
- Аударым нөмірін айтыңыз және ақшаны алыңыз. ¹Шетелдік азаматтарға тұруға ықтиярхатты, көші-қон картасын немесе РФ-да болу құқығын растайтын өзге құжатты қосымша ұсыну қажет.
Картаға аударымды Korona мобильді қолданбасынан (6+) алуға болады.
- Қолданбада Аударымдар тарихын ашыңыз. Егер аударым онлайн алу үшін қолжетімді болса, «Аударымды картаға алу» батырмасын көресіз. Егер қолжетімді болмаса, қолма-қол ақша беру пункттерінің мекенжайларын көрсетеміз.
- Сайтта «Аударымды қабылдау» батырмасын басып, оны телефон нөміріңіз бойынша тауып алыңыз. Егер сіз РФ азаматы болсаңыз: аты-жөніңізді, ақшаны қабылдағыңыз келетін картаның нөмірін енгізіңіз. Егер сіз шетелдік азамат болсаңыз: аты-жөніңізді, төлқұжат деректерін, туған жеріңізді және тіркелген мекенжайыңызды енгізіңіз. Сондай-ақ Жеке кабинет талаптарына сәйкес өзге де деректерді енгізіңіз.
- Дайын болды! Растағаннан кейін ақша көрсетілген картаға түседі. Әдетте ақша бірнеше минут ішінде келеді. Назар аударыңыз: картаға түсіру мерзімі сіздің банкіңізге байланысты болады.
Егер аударымды картаға қабылдау мүмкін болмаса, сіз оны қолма-қол ақшамен ала аласыз. Толығырақ — Аударымдарды картаға алудың арнайы шарттарында.
Егер сіз «Золотая Корона» ақша аударымын күтіп отырсаңыз, телефоныңызға мобильді қолданбаны орнатыңыз, онда тек нөмір ғана емес, келіп түскен транзакция туралы барлық ақпарат көрсетіледі.
Бұған қоса жіберуші аударымды рәсімдеу кезінде сервистен хабарлама алу функциясын қолдана алады немесе нөмірді сізге өзі хабарлай алады.
Жалпы, жіберілген немесе алынған аударымдар туралы ақпарат Korona мобильді қолданбасында авторизациядан кейін «Тарихы» бөлімінде қолжетімді.
Аударым деректеріне оны жіберген адам ғана өзгерістер енгізе алады. Жіберушіге рәсімдеу кезінде қате жібергенін хабарлаңыз да, оның ахуалды түзеткенін күтіңіз.