Аударым мәртебесін тексеру

Аударымды
Қазақстанда алу

Аударымдарды үйден шықпай картаңызға алыңыз!

«KoronaPay Ақша аударымдары» (6+)
мобильді қосымшасын орнатыңыз

visa master maestro

Аударымды қалай алуға болады

Қызметті пайдалану және картаға ақша аударуды екі тәсілмен алуға болады: «KoronaPay ақша аударымдары» мобильді қосымшасы арқылы жәнеkoronapay.comсайтта.
Екі нұсқа да тәулік бойы қол жетімді.

  • «KoronaPay Ақша аударымдары»6+ мобильді қосымшасын орнатыңыз

    mob
  • Кіру және тіркелу

    Бірінші рет кірген кезде Қазақстанды таңдаңыз, өз ұялы телефоныңыздың нөмірін көрсетіңіз, «Кіру үшін кодты алу» батырмасын басыңыз және СМС түрінде келген кодты енгізіңіз.

    mob
  • Кіріс ақша аударымы

    Егер сізге «KoronaPay Ақша аударымдары» (6+) мобильді қосымшасында картаға алуға болатын аударым келіп түссе, «Тарих» қосымшасының экранында осы аударымға қарама-қарсы «картаға ақша аударымын алу» батырмасы пайда болады. Соны басыңыз.

    mob
  • Кіріс ақша аударымы

    Сіз картаңызға аударылатын алу валютасындағы аударым сомасын көресіз. «Картаға алу» батырмасын басыңыз

    mob
  • Алушының аты-жөні

    Берілген тізімдердің арасынан аударымды алушының аты-жөнін таңдап, «Алу» батырмасын басыңыз.

    mob
  • Банк картасының нөмірі.

    Өз банк картаңыздың нөмірін енгізіңіз. Операцияны аяқтаңыз.

    mob

Мобильді қосымшада аударымды картаға қалай алуға болатынын нұсқаулықтан қараңыз.

Картаға ақша аударымын алу шарттары

Аударымды онлайн алу үшін Қазақстанның кез келген банкі шығарған VISA, Mastercard немесе Maestro карталарын пайдаланыңыз.
Ақша қаражаты картаға теңгемен түседі.

Есіңізде болсын, бұл әдіс белгілі бір шектеулерге ие.

Шектеулер:

Клиент орындайтын операция саны бойынша:

  • Бір күнде 2 аударым
  • 30 күн қатарынан 10 аударым

Аударым сомасы бойынша:

  • 1 000 000 руб. (валютадағы баламасы) - қатарынан 30 күнде
  • 1 500 000 руб. (валютадағы баламасы) – қатарынан 60 күнде
  • 2 000 000 руб. (валютадағы баламасы) – қатарынан 90 күнде
  • Бір сәтте VISA картасына баламасы 2500 USD аспайтын сомада, Mastercard немесе Maestro картасына баламасы 5000 USD аспайтын сомада аударым алуға болады.

«Сұрақ-жауап»

Картаға аударып алған кезде комиссия ұстала ма?

Қазақстанда ақша қаражатын банк картасына аудару комиссиясыз жүзеге асырылады.

Аударым банк картасына қанша уақытта түседі?

Картаның деректемелері бойынша ақша қаражаттарын аудару клиент таңдаған ауыстыру туралы өкімді орындау тәсіліне (шұғыл немесе кейінге қалдырылған) байланысты бірнеше минут ішінде не келесі күнтізбелік күнге жүзеге асырылады.
Көбінесе картаға ақша аудару тез жүреді**, бұл оларды алу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Ақша қаражатын аударымды жөнелту валютасынан өзгеше валютада есептеу кезінде айырбастаудың қандай бағамы қолданылады?

Валютаны айырбастау бағамын картаға аударымды беру туралы талапты қалыптастыру сәтінде «Платежный центр» РНКО (ООО) белгілейді.

Маған жіберілген аударымның нөмірін қалай білуге болады?

Егер сізге «Золотая Корона» ақша аударымдарын алу керек болса, телефоныңызға «KoronaPay Ақша аударымдары» (6+) мобильді қосымшасын орнатыңыз. Қосымшада келіп түскен аударымдар туралы барлық ақпарат, оның ішінде аударым нөмірі көрсетіледі. Бұдан басқа, жөнелтуші ақша аударымын ресімдеу кезінде сервистен хабарламалар функциясын пайдалана алады немесе сізге нөмірді өз бетінше хабарлай алады.

Жіберілген немесе алынған аударымдар туралы мәліметтер авторизациядан кейін «Тарих» бөлімінде қолжетімді болады:

  • «KoronaPay Ақша аударымдары» (6+) мобильді қосымшасында
  • koronapay.com – «Золотая Корона» сайтындағы жеке кабинетте

Жіберуші аты-жөнін қате көрсеткенде не істеу керек?

Аударымға өзгерісті жіберуші ғана енгізе алады. Жіберуші өзгертулер енгізгеннен кейін аударымды қайта алуға тырысыңыз.